Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы тас жолдың жаңадан салынған Доссор бөлігі қайта жөнделмек. Өйткені былтыр ғана қолданысқа берілген күре жолдың беткі қабаты ұшып кеткен. Тексеріс жүргізген мамандар 120 500 шаршы метр асфальт жабындысы құрдымға кеткенін айтады. Жауаптылар сапаның ақсауына ауа райы мен көлік ағынының көп болуы себеп деп отыр. Қазір мердігер бекітіліп, бүлінген жер қырылып жатыр. Жөндеу үшін 1500 тоннадай қиыршық тас жұмсалмақ. Бас-аяғы автомагистральдің 36 шақырымының беткі қабаты қайта төселмек. Сондықтан, алдағы екі аптада көлік қозғалысы қиындауы мүмкін.
Наурыз Сүйінқара, мердігер мекеме өкілі:
Бұйырса екі аптада қалпына келтіріп береміз. Қазір жол белгілері қойылып болды. Сосын мына жолдың жолағын алып тастаймыз. Содан кейін сыпырып, тазалаймыз да, шпомызды төсей береміз.
Жандос Темірғали