Елімізде сүт фермаларын қолдау тетіктері іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сүт фермаларын қолдау тетіктері іске қосылады

31.07.2023

Ауыл шаруашылығы министрлігі аймақтарда сүт-тауарлық фермалар желісін іске қосу үшін Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйенбекші. Бұл мақсатқа биыл 100 млрд теңге бөлінген. Облыс әкімдіктерінің тапсырысы бойынша 65 жоба қаржыландырылады. Олар жылына 373 мың тоннаға дейін сүт өндіретін болады. Несие мерзімі – 10 жылға дейін.

Айта кетейік, қазір еліміздегі сүт өңдейтін 172 кәсіпорынның жүктемесі 77 пайыздан аспайды. 2021 жылғы құрғақшылық пен жем-шөптің қымбаттауы салдарынан шаруашылықтар мал санын азайтып жіберген. Осыған орай сүт жинау деңгейі де төмендеген. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу