Елімізде «Цифрлық ипотека» жобасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Цифрлық ипотека» жобасы іске қосылады

02.11.2021

Осы айдан бастап тұрғындарға құрылыс компаниясынан үйді онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Елде «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады. Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірге жаңа жобаны бастайды. Халыққа банк бөлімшесіне барып, құжат толтырудың қажеті жоқ. Компанияның сайтын кіріп, сатып алатын тұрғын үйді таңдап, ипотеканы да онлайн рәсімдей алады. Кепіл шарты да, сатып алу-сату шарты да автоматты түрде жүргізіледі.


Хабарламаларға жазылу