Ресейде маркетплейстер қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі
Еуразиялық экономикалық одақ аясында маркетплейстер шетелдік тауарлар үшін 20 пайыз қосымша құн салығын төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл ұсыныстар қазір комиссия мүшелерінің талқылауында. Маркетплейстер ЕАЭО-ға кірмейтін үшінші елдердің сатушыларының операциялары бойынша бюджетке қосылған құн салығын есептеуге, ұстап қалуға және аударуға тиіс.
Ал мамандар жаңа ережелерді енгізу трансшекаралық саудаға кері әсер етіп, тауардың бағасының өсуіне сеп болады дейді. Әсіресе, Қытайдан жеткізілетін тауарлардың құны шарықтап кетуі мүмкін.
Иа Малкина, ЕЭК ресми өкілі:
Шетелдік сатушылар электронды платформалар арқылы тұрғындарға салық төлемей-ақ тауарларды сатуда. Бұл жергілікті сатушыларға қатысты бәсекелестікті төмендететіні сөзсіз. ЕАЭО мен үшінші елдердің сатушылары арасында тең бәсекелестік жағдай жасау орынды деп санаймыз. Сонымен қатар, бұл мәселе мүше мемлекеттермен және бизнес өкілдерімен пысықтауды қажет етеді.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05