Грекияда оқ-дәрі қоймасы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда оқ-дәрі қоймасы өртенді

28.07.2023

Грекияның Неа-Анхиалос қаласында оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Нысанды орман өрті шарпыған. Қазір ол жерден будақтаған қара түтін шығып жатқанын байқауға болады.

Бұған қоса, жарылыс дыбысы әлі де басылған жоқ. «Рейтердің» мәліметіне сай, өртке оранған оқ-дәрі қоймасы Грекияның әуе күштеріне тиесілі. Елде орман өртінің жалғасып жатқанына екі аптадай уақыт болды. Өткен 24 сағатта 60-тан аса жаңа от ошағы тіркелген.  


Арай Төлегенқызы



Хабарламаларға жазылу