Сирияның жағалаудағы аймақтарында үшінші күн қатарынан орман өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның жағалаудағы аймақтарында үшінші күн қатарынан орман өртеніп жатыр

27.07.2023

Сирияның жағалаудағы аймақтарында үшінші күн қатарынан орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау Латакия портындағы елдімекендердің маңында тұтанған. Елдегі аптап ыстық жағдайды ушықтырып жіберді. Ауа температурасы әдеттегіден 6 градусқа жоғары. Қатты жел оттың тез тарауына себеп болған. Жалынды өшіруге 28 өрт сөндіру тобы тартылған.

Грекияның орталығын шарпыған алапат өрт фермалар мен зауыттарды күлге айналдырды. Үй жануарларына да қауіп төніп тұр. Шаруалар малды эвакуациялаумен әлек. Соңғы 24 сағатта елдің бірнеше аймағында 60 тан астам өрт ошағы тіркелген. Бірнеше елдімекенде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу