Ресейдің 77 өңірінде орман алқаптары өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің 77 өңірінде орман алқаптары өртеніп жатыр

13.05.2022

Ресейдің 77 өңірінде орман алқаптары өртеніп жатыр. 46 облыста төтенше жағдай жарияланды.

Сібір мен Оралда жағдай ушығып тұр. 16 адам қаза тапты, оның бірі бала, 34 адам жарақат алған. 2000-нан астам тұрғын баспанасыз қалды. Тіпті кей өңірлерде ауылдар түгел жанып кеткен. Қорған, Кемерово, Иркутск, Омбы және Красноярск аймақтарында орман өрті басылмай тұр. Мәскеу маңындағы алқаптарда да қызыл жалын дес берер емес. Өртті ауыздықтауға 5 мыңға жуық маман, 850 дана техника, 28 тікұшақ жұмылдырылған.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Мәселен, Красноярск өлкесінде электр желілерінің үзілуінен болған. Мамандар азаматтардың салғырттығынан да өрт тұтануы мүмкін екенін айтады. Бірнеше адамның үстінен іс қозғалды. Сағат сайын мәлімет жаңарып отыр. Отты сөндіруге екпінді жел бой бермей тұр. Түтін Солтүстік полюске дейін жеткен.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу