Еуропада бала оқыс жағдайға ұшыраса, ата-анасы 5 жылға сотталады
Оралда 5 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше жағдайы ауыр. Терезеде темір қорғаныш болмаған. Бала 4-ші қабаттан құлаған. Өкініштісі дәл осындай жағдай бір апта бұрын болып, бір күнде екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен еді. Біреуі сол бойда қайтыс болса, екіншісі жарақат алып, ауруханадан ем алып шықты. Мамандар баланы қараусыз қалдырмауға, абай болуға кеңес береді.
Ал Еуропада ата-анасының қарауынсыз қалып, бала оқыс оқиғаға ұшырайтын болса 150 мың еуроға дейін айыппұл төлейді немесе тіпті 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Қарт құрлық елдерінде 13 жасқа дейінгі балаларға лифтке жалғыз мінуге тыйым салынған. 14-16 жасқа дейінгі балаларды көлікте, үйде жалғыз қалдыруға болмайды. 10-15 минутқа ғана қалдырғанның өзінде қомақты айыппұл төлейді. Заңды бірнеше мәрте бұзғандар ата-ана құқығынан айырылады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гибридті көлік иелері қосымша төлемге қарсы
14.05.2026, 20:58
Психдиспансерде есепте тұрған адам мектеп автобусымен оқушыларды тасыған
14.05.2026, 20:56
Жұмысшы құқығын қорғауға бағытталған заң мақұлданды
14.05.2026, 20:55
Туризмді түлеткен жобалар
14.05.2026, 20:53
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
14.05.2026, 20:14
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
14.05.2026, 20:13
Ертең Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті басталады
14.05.2026, 20:12
Сарапшы: Түркі мемлекеттері ұйымының геосаяси ықпалы артып келеді
14.05.2026, 20:08