Басты Жаңалықтар Бүгін түрлі сала мамандарының үздіктері «Еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін түрлі сала мамандарының үздіктері «Еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін түрлі сала мамандарының үздіктері «Еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты табыстау рәсімі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты республикалық конференция аясында өтті. Шараның мақсаты - Президенттің халыққа жолдауында айтылған басым бағыттарын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі ұғым екенін, оны баянды ету жолында ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру.

Әзірет Сатылғанов, «Bilim-Orkenietі» Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының директоры:

Біз 300 жылға жуық Тәуелсіздігімізден айырылдық. Сол негізде біздің әбден санамызда орталаған болатын. Қаншама ұрпақ осындай идеологияда өсіп шықты. Совет одағы кезінде ұлтқа қарсы идеологияның егілген дәмі қазір жеміс беріп тұр. Сондықтан қаншалықты бізге ұлтсыздану ұрандары бойынша идеология жүрсе, біз соншалықты отарсыздандыру идеялогиясымен жұмыс жасауымыз қажет.



Бөлісу