Екібастұзда атақты әнші Естай Беркімбаевтың 155 жылдығы аталып өтті
Екібастұз қаласында атақты әнші Естай Беркімбаевтың 155 жылдығы аталып өтті.
«Қорландай» ғажайып ән тудырған Естай ақындық, орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде тарихты аты қалды. Оның шығармашылығын әлем елдері мойындап отыр.
Рамазан Стамғазиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Естай ақынның өзінің туған өңірінен бөлек қазақ даласына, қазақ өнеріне сіңірген қаншама еңбегі, қаншама әндері бар. Кезінде Шәмші Қалдаяқов ағамыз өмірде армандап кеткен ғой, шіркін-ай, Естай атамыздың Қорлан деген әні сияқты бір ән шығарсам менде арман жоқ еді деп. Сондықтан Естай бабамыздың дәрежесі де, абыройы да үлкен биікте тұрғаны анық.
Музыкатанушылар Естайдың әндері қазақ даласындағы сал-серілер дәстүрін ілгері дамытты деп бағалайды. Туындылары сонысымен өміршең. Шара барысында республикалық әншілер байқауы өткізіліп, қылқалам шеберлері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Спорттық шаралар өтті.
Серік Елікбай, жазушы, профессор:
Қазақтың даласындағы ғашықтықтың соңғы символы және Қорландай бір кең тынысты, мол қанатты, тебіреністі, тегеуріні мол, домбыраға емес, операға алып шығатындай дүниені молынан жазған Естай. Жалпы Естай әніменен қазақтың бүкіл әлем халықтарына қарасаныз ғашықтықтың соңғы реквиемі, ғашықтықтың соңғы әні Естаймен таусылады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12