Қарағанды облысында 870 га жер жанып кетті
Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіру жалғасып жатыр. «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылыққа» қарасты таулы-орманды алқаптың 870 гектар жері жанып кеткен. Өртті сөндіруге жолдың жоқтығы мен су көзінің алыстығы және қатты жел кедергі келтіріп отыр. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, қазір ашық жану ошағы жоқ. Бықсыған от орындарына су төгіліп жатыр. Тілсіз жаумен күреске 168 адам және 34 техника жұмылдырылған. Ертеңнен бастап осы өртке байланысты Шет ауданындағы Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр.
Құрмет Жұмекенов, ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:
Өрт сөндіруге қазіргі таңда қатты желдің болуы, судың алшақ орналасуы, құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы кедергі болып отыр. Қазіргі таңда ашық оттың жануы байқалмайды. Тек оқиға орнына қарауыл қойылып, бықсыған жерлерге су құйылуда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04