Таразда тозығы жеткен үйлер тегін жөнделіп жатыр
Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жарты ғасыр бұрын салынған үйлер тегін жаңартылып жатыр. Енді қаладағы 9 көпқабатты үйдің шатыры ауысып, сырты фиброцементті панельмен қапталады.
1970-жылдары салынған бұл баспаналар мүлде күрделі жөндеу көрмеген. Соның салдарынан үйлердің шатырдан жиі су ағатын. Мәселені шешу үшін биыл үйлерді жөндеуге қала қазынасынан 1,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы шаһардағы 1 438 көпқабатты үйдің үштен бірінің тозығы жеткен. Соңғы 2 жылда соның тек 27-і жөндеуден өтті. Құрылысқа қала әкімдігі 3,3 млрд теңге жұмсады.
Мақсат Рахымбеков, қала әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
9 үйде әрқайсысында кемі 25-30 адамнан жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда жұмыстар 80 пайызға аяқталған. Үйлердің шатыры толық орналастырылған. Сыртқы қабырғаларында майда жұмыстар жүргізілуде. Қазан айында толық аяқталатын болады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16