Елімізде аутизмге шалдыққан балаларға арналған 13 орталық іске қосылады
Жыл соңына дейін елімізде аутизмге шалдыққан балаларға арналған 13 орталық іске қосылады. Нәтижесінде 9 мыңға жуық бүлдіршінге қамқорлық жасалады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 15 мың оқушы қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әсіресе балаларға қолдау көрсетуге басымдық беріп отыр. Ауқымды іс-шара аясында жыл соңына дейін Қостанай, Қызылорда, Абай, Павлодар, Ақмола облыстарында спорт кешендері іске қосылады. Айта кетейік, қорға түсетін өтініш биыл 3 есе өсіп, нәтижесінде 27 жоба қолдау тапты.
Альфия Әдиева, «Samruk-kazyna trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры:
Біз ең бірінші әрбір әлеуметтік жобаның тұрақтылығына қараймыз. Ортадағы бірнеше адамға емес, неғұрлым көп халыққа көмек бере алатын бұл жобалар әсіресе, ауылдарда жүзеге асырылса деген үлкен ниетіміз бар.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26