БҚО-да мемлекеттік сатып алу порталында заңнаманы бұзудың 33 дерегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мемлекеттік сатып алу порталында заңнаманы бұзудың 33 дерегі анықталды

18.07.2023

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу порталында заңнаманы бұзудың 33 дерегі анықталды. Қоғамдық ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасап, құзырлы органдардың көмегімен 15 адамға 6,5 млн теңге айыппұл салды.

Әкімшілік жазаға тартылғандардың ішінде негізсіз келісімшарт жасаған Жаңақала, Бәйтерек аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, балабақша директорлары, Казталов ауданындағы құрылысы 3 жылға созылған мектепте талапқа сай жұмыс істемеген техникалық қадағалау, авторлық қадағалау мекемелері бар.

Сондай-ақ, қосымша құн салығы реестрінде тіркелмеген мердігерлерге заңсыз бюджет қаржысын аударған лауазымды тұлғалар да анықталды. Үнемделген 2,5 млн теңгенінің жартысы сотпен қайтарылды, қалғаны келісімшартта қысқартылды.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу