Жұмыссыз жүрген жастар әскери даярлықтан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыз жүрген жастар әскери даярлықтан өтеді

17.07.2023

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Jiger» жобасы қолға алынып отыр. Оның мақсаты қандай? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес анықтады.

Алматы қаласында әскери даярлыққа баратындардың тізімін жасау жұмыстары басталды. Тиісінше 30 азамат іріктеліп алынды. Оларға қойылатын ең басты талап, әскери дайындыққа аттанғысы келетін адам мегаполис тұрғыны және жұмыссыз ретінде тіркелген болуы тиіс.

Әзімхан Бекзат, әскери жиынға қатысушы:

Оқуымды бітірген соң мен біраз уақыт жұмыссыз жүрдім. Кейін осы жоба жайлы әлеуметтік желіден қарап білдім. Бұл жобаның бір жақсы жері өзімнің отан алдындағы борышымды өтеу. 03:29 Негізі 40 күндік әскери техникалық мектепке баратындар 305 мың төлейді. Ал мұнда мемлекет тарапында тегін мүмкіндік берілді.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Неге әскери даярлыққа тек 24 пен 35 жас аралығындағылар аттанады? Олар қайда жіберіледі? Жобаның мақсаты қандай?

Нұрсұлтан Бекқайыров, қалалық Жастар саясаты басқармасының сарапшысы:

Жұмыссыз, оқуда жоқ жастардың санын азайту мақсатында Жастар саясаты басқармасы жүйелі түрде көптеген жұмыстар атқарып келеміз.Бізде осы жоба екі бөліктен тұрды, бірінші ол әскери патриоттық лагерь. Екінші бөлігі ол осы мекемеде яғни, әскери техникалық мектепте жүезеге асырылады.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Жоба екі кезеңнен тұрады. 45 күн ішінде 30 адам әскери саланың қыр-сырын үйреніп қана қоймай, мамандыққа ие болады.

Амантай Өсербаев, ҚР Қорғаныс министрлігі ӘТМ Алматы филиалы директорының орынбасары:

Дәнкерлеуші мамандығымен даярлаймыз. Ол үшін оқытушылар дайындықтан өтіп сертификат алды. Әскери техникалық мектеп Алматы құрылыс колледжімен меморандумға отырдық. Ол жерде де осы сабақтарды үйретуге қолқабыс жасайды.

Жоба Алматы және Талдықорған қалаларында ұйымдастырылды. Бұл әзірге пилоттық жоба, сондықтан алғашқы кезең сәттә жүзеге асса алдағы уақытта жалғасын табады. Айта кету керек, Алматы қаласында 24 пен 35 жас аралығындағы 53 мыңға жуық жұмыссыз азамат бар.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу