Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз жастар азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз жастар азайды

02.11.2015
Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз жастар азайды
Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз жастар азайды

Қызылжар өңірінде жұмыссыз жүрген жастардың саны өткен жылға қарағанда 2,8 пайызға азайған. Бұл туралы Қазақ радиосының тілшісі Ербақыт Амантайұлы хабарлады. Жұмыссыздықты азайтуға «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі» жобалары септігін тигізіп отыр.

Жыл басынан Жастар бастамаларын қолдау орталықтары арқылы 303, «Жасыл ел» жасақтарында 323, «Жастар тәжірибесі» арқылы 310 және «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 206 жас жұмысқа орналасқан. Оқу бітіріп ауылға еңбек етуге аттанғандардың 150-і мұғалім, 39-ы медицина қызметкерлері болса, 9-ы ауыл шаруашылығын, 5-уі спорт саласын таңдаған. «Облыстағы кәсіптік білім беретін 27 колледждің 12 сінде 24 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Кәсіптік білім алып шықан жастардың да 74 пайызы жұмыспен қамтылған», дейді облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова.

Облыста жастар санатына жасатын 12 мың адам бар. Олардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,3 пайызға азайып, 2,8 пайызды құрады. Ал, республика бойынша бұл көрсеткіш 4,5 пайыз.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу