Павлодар облысында үш ауылда табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланды
«Ертіс орманы» резерватындағы өртке байланысты Павлодар облысы, Шарбақты ауданының 3 ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды. Александровка, Галкино және Шалдай ауылы қарағайлы орманға тиіп тұр. Қазір жалын шарпыған 850 гектар аумақта өрт оқшауланған. Бірақ бықсып жатқан жерлер әлі де бар. Естеріңізге сала кетейік, 15 шілде күні Степное орман шаруашылығында басталған тілсіз жау Бауырталдағы қарағайға да тиген болатын. Еліміздің 4 облысынан көмек келді. Алты тікұшақ шақыртылды. Соның нәтижесінде бір тәулік ішінде жалынның таралуына тосқауыл қойылды.
Руслан Төлепбаев, орман және жануарлар әлемін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы:
Жұмылдырылған күштер жан-жаққа қайтып жатыр. Орман өрті оқшауланғанымен «Ертіс орманы» резерватының қызметкерлерімен тәулік бойы бақылау жұмыстары жүргізілетін болады. Дер кезінде дұрыс қабылданған шешімдердің арқасында өрттің көлемін ұлғайтпай дер кезінде ұстап қалуға мүмкіншілік берді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12