Ақтөбе облысында шегірткелер егістік алқаптарына дейін жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында шегірткелер егістік алқаптарына дейін жеткен

13.07.2023

Ақтөбе облысында шегірткелер егістік алқаптарына дейін жеткен. Сондықтан зиянкестерге қарсы улануы тиіс жерлердің көлемі ұлғайды. Ал жауаптылар ауыл шаруашылығы дақылдарына айтарлықтай зиян келмегенін айтады. Дегенмен, егін шаруашылығымен айналысатын «Құмқұдық» және «Алтынсарино» серіктестіктеріне тиесілі 20 мың гектар жерге шегіртке таралып үлгерді. Мамандардың болжамы бойынша, алдағы күндері облысқа зиянкестердің табындық емес түрлері де келуі мүмкін. Сондықтан, фитосанитариялық өңдеу жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қосымша 61 миллион теңге бөлінді. Осылайша, өңірде барлығы 700 мың гектарға жуық аумаққа химиялық өңдеу жүргізіледі.

Арыстан Жақыбаев, облыстық Аумақтық инспекцияның бас маманы:

Әйтеке би ауданында қосымша 20 мың гектар алқапты өңдеу қажеттігі туындады. Осыған байланысты АШМ қажетті пистицид көлемін бөлді. Бүгінгі күні 4 мың га өңдеу жүргізілді. Қалған алқапты екі-үш күн ішінде аяқтауы тиіс.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу