Үндістан жәндіктермен күресіп әлек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан жәндіктермен күресіп әлек

19.02.2020

Ал бұл уақытта Үндістан өзге елмен емес, жәндіктермен күресіп әлек. Елдің батысына Пәкістаннан жеткен шегірткелер қаңтардан бері ауыл шаруашылығына алапат зиянын тигізіп үлгерген. Жергілікті үкімет бұл науқанға қаражат бөліп, химиялық дәрі-дәрмек сатып алды. Соның арқасында, қаулаған шегірткелер жаппай қырылып, егінді сақтап қалуға мүмкіндік туды. 

Жәндіктердің бұл түрі 7-10 сантиметр ұзындығымен, алысқа ұшу және жылдам көбею қабілетімен ерекшеленеді. Болжам бойынша, олар Оңтүстік Азияға Африкадан барып, 350 мың гектардан астам егінді жоқ қылды. Дегенмен, шаруалар егістік жауымен күрес әлі доғарылмайды дейді. Себебі, алдағы уақытта Үндістанға жақындап келе жатқан муссонға байланысты, шегірткелер тағы қаптайды деген болжам бар.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу