Шегірткелерге қарсы күрес күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шегірткелерге қарсы күрес күшеймек

10.07.2014
Шегірткелерге қарсы күрес күшеймек

Ресей Федерациясы аумағынан еліміздің екі аймағына зиянды шегірткелер өтіп жатыр. Өсімдікті қорғау қызметінің мамандары зиянкестің  италиялық прус шегірткесі екенін анықтаған.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен жиында айтылды.

Үйірлі зиянкестердің таралуына жол бермес үшін 440 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек.

Оның 400 мың гектары - Қостанай облысында және 40 мың гектары - Ақтөбе облысында.

 Ұшып келген шегірткелер астық алқаптарына қауіп төндірмейді. Өйткені, қазір олардың жұмыртқалау маусымы басталды.

Сақташ Хасенов, АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

Заң бойынша азаятын жылдарға келуі тиісті. Басқа облыстарда азайып барады. Былтыр шегіртке Қостанай облысында 800 мың гектарға көбейген. Биыл 400 мың гектар болып тұр. Екі есе аз, былтырға қарағанда.

Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аудандарында шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары баяу жүргізілуде.

Егер, ресейліктер химиялық өңдеу  жұмыстарын кешеуілдетсе, бұл шегірткелер Қазақстанға қайта ұшіп келіп, алқаптарға зиянын тигізеді, дейді мамандар.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу