Боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда ортылығында ер адамды соққыға жықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда ортылығында ер адамды соққыға жықты

12.07.2023

Бокстан бұрынғы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адамды оңдырмай сабады деген күдікке ілінді. Ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады. Қазір бұзақылық бойынша іс қозғалған. Сараптама жүріп жатыр. Заң бұзушылық аса ауыр емес деп бағаланған. Оқиға орнына барып тұрып, шара қолданбаған учаскелік полицейге қатысты қызметтік тексеру жүріп жатқаны мәлім болды.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу