Теңіз кенішінде ауысыммен қызмет ететіндер үшін жұмыс 28 күннен 14 күнге қысқаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кенішінде ауысыммен қызмет ететіндер үшін жұмыс 28 күннен 14 күнге қысқаруы мүмкін

12.07.2023

Атыраудағы Теңіз кенішінде ауысыммен қызмет ететіндер үшін жұмыс 28 күннен 14 күнге қысқаруы мүмкін. Бұл әдіс еңбеккерлердің сұрауы бойынша жүзеге аспақ. Осы және өзге де мәселелер Мәжіліс депуттарымен өткен жиында айтылды. Оған өңірдегі ірі мұнай-газ кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кен орындарын рекультивациялау, көгалдандыру жұмысын жеделдетіп, әлеуметтік-инфрақұрылдымдық даму бағдарламасына бөлінетін қаржыны көбейту мәселесі де талқыланды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бір компания «Теңізшевроил» компаниясына көкөніс, ет, азық-түлікпен келісімшарт жасап беріп отыр екен. Соны бұзып, Алматы облысы ма, алыстағы бір компаниялармен келісімшарт жасап отырған көрінеді. Мен ол кісіге баяндадым, сонда мына жерде шығып жатқан өнімнен ана жақта шығып жатқан өнім арзан болуы мүмкін емес қой. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу