Прокуратура Атыраудағы заңсыз вахта туралы мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокуратура Атыраудағы заңсыз вахта туралы мәлімдеме жасады

31.07.2020

«Теңізшевройл» компаниясына қарасты мердігер мекемелерде вахталық жұмыс уақыты 56 күнге заңсыз ұзартылған. Мұны Атырау облыстық прокуратурасы тексеру кезінде анықтады. Осыған орай «Теңізшевройл» басшылығына ескерту хат жолданды. Қазір кен орнында 14 мыңға жуық адам ауысыммен жұмыс істейді. Олардың еңбек құқықтарының сақталуы прокурорлардың бақылауында болады.  

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу