Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға кетіп мерт болды
Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға кетіп мерт болды. Оқиға Келес, Ордабасы, Жетісай және Төлеби аудандарында тіркелген. Балалардың ең үлкені 8 жаста болса, кішкентайы екі жасар.
Сондай-ақ айдынды Алакөлдің Жетісу облысы жағалауында демалыс күндері 4 адам суға батып қайтыс болды. Жағалауға тігілген шатырды қатты жел ұшырып әкетіп, ішінде 3 жасар қыз болған. Баласын құтқарам деп суға сүңгіген әкесі де, сол жерде ажал құшты. Тағы екі дерек бойынша, тергеу жүргізіліп жатыр. Бірінде суға батқан адамның үстінде киімдері болған. Өңірдің құтқарушыларының болжамы бойынша суға батқан екеу ішімдік ішкен.
Қанат Алтынбеков, Жетісу облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Екеуі келеңсіз оқиға ретінде тіркелді. Сонымен қатар бір жағдай суға шомылу кезінде адам батқан. Ол жағдай бойынша алғашқы материалдар жиналып, полиция қызметкерлеріне тергеу жүргізу үшін жолданды.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 10:08
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
14.09.2026, 10:07
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03