Қазақстандықтардың әрқайсысында үш несиеден бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың әрқайсысында үш несиеден бар

10.07.2023

Қазақстандықтардың әрқайсысында 2 немесе 3 несиеден бар. Орта есеппен әр адам банктен 700 мың теңге қарыз алған. Мұндай деректерді Ұлттық банк басшысы депутаттық сауалға жауап беру кезінде айтты.

Бүгінде 7 млн 900 мың адам банкте қарызы бар екен. Жалпы алғанда берешек 15 трлн теңгеден асады. Ал 1 млн 100 мың адам 2 жарым млн-ға жуық кредит алып өтей алмай жүр. Ондағы қарыз 1 трлн теңгеден асады.

Несие алғандардың көбі – қызылордалықтар. Мұнда әр адамның мойнында орта есеппен 3 кредиттен бар. Ал ең аз қарызданған солтүстікқазақстандықтар мен жетісулықтар. Мұндағы тұрғындар да кем дегенде 2 несиеден алған.


Хабарламаларға жазылу