Еліміздегі екінші деңгейлі 9 банктің жұмысы тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі екінші деңгейлі 9 банктің жұмысы тоқтатылады

10.07.2023

Еліміздегі екінші деңгейлі 9 банктің жұмысы тоқталады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, қазір бұл қаржы ұйымдарын тарату үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. Олар лицензиясынан айырылған «Валют-транзит банкі», «Қазинвестбанк», «Delta Bank», «Эксимбанк Қазақстан», «Астана банкі», «Qazaq Banki», «Tengri Bank», «AsiaCredit Bank», «CapitalBank Kazakhstan». Құжат 26 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға салынбақ.

Онда банкрот деп танылған банк өкілдерін есепке алу ұсынылып отыр. Осылайша агенттік олардың өзге қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруына жол бермейді. Бұған дейін таратылған банктерге салымшылармен толығымен есеп айырысып, салық қарыздарын өтеу міндеттелген. Ал банк ғимараттары мен өзге де жылжымайтын мүлік аукцион арқылы сатылатыны айтылған.


Хабарламаларға жазылу