Ақтөбеде оқушы автоматтандырылған жасанды инкубатор механизмін ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде оқушы автоматтандырылған жасанды инкубатор механизмін ойлап тапты

10.07.2023

Ақтөбеде 10-сынып оқушысы автоматтандырылған жасанды инкубатор механизмін ойлап тапты. Оның ерекшелігі – бір мезгілде көп мөлшерде балапан басып шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін көп ресурстың қажеті жоқ. Бұл құрылғының басты артықшылығы – уақыт үнемдеуінде.

Дінмұхаммед жасаған бұл инкубатор қазірдің өзінде кәдеге асып тұр. Бұған дейін екі-үш мәрте бөдене мен тауық жұмыртқасын басып шығарған. Мына шөжелер соның жемісі. Биыл оныншы сыныпты аяқтаған талантты оқушы жетекшісімен бірге бұл құрылғыны жасау үшін ауа реттегіш шағын құрылғылар сатып алған. Одан кейін кәдімгі пеноплекс материалымен қаптап, қондырғының өзін құрастырды.

Дінмұхаммед Жеткерген, оқушы:

200 бөдене жұмыртқасын, 85 тауық жұмыртқасын, 60 үйрек жұмыртқасын және үндік жұмыртқасын қалғанына қаздың жұмыртқасын сыйдырууға болады. Қарапайым, табиғи аналықтың қасында, мысалы тауықтың қасында бұл 5-10 есе көп мөлшерде шығарып бере алады.

Бұл құрылғының өзгелерден артықшылығы да осы – бір мезгілде көп жұмыртқа басуында. Яғни, уақыт пен ресурс үнемдейді. Ең қиыны – қорап ішіндегі ауа ылғалдылығын қадағалап отыру. Ізденістің нәтижесінде ол автоматтандырылған. Қазір бұл инкубортордан шыққан балапандар сатылып жатыр. Дарынды оқушыны мектеп басшылығы да қолдап келеді.

Мәдина Абылшиева,  №18 мектеп директорының орынбасары:

Нарықтық бағасымен 800 теңгемен сатып, өз өзін қаржыландырып отырған жайы бар.Өйткені инкубатор өзімен өзі дамымайды.Оған күту керек, күн көзі,жемі керек, тағысын тағылар. Солардың бәрін қаржыландырып, алға қойған мақсатқа жету үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.

Дінмұхаммед болашақта ауыл шаруашылғы саласында еңбек еткісі келеді. Оның бұл инкубаторына қазірдің өзінде қызығушылық жоғары. Егер тапсырыс болса, үлкен көлемде жасауға да дайын. Қазір жетекшісімен бірге өнертабысына авторлық құқық алу үшін құжаттар дайындап жатыр. 


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу