Ақтөбелік оқушы «ақылды бетперде» ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік оқушы «ақылды бетперде» ойлап тапты

01.02.2021

Ақтөбелік оқушы «ақылды маска» ойлап тапты. Екі қабатты бетперде ауадағы лас заттар мен вирустың ағзаға кетуіне жол бермейді.

Ерекше масканың авторы Арман Жалғасбаев – Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы. Оның айтуынша, бұл бетперде айналадағы зиянды қалдықтарды сүзгіден өткізеді, сөйтіп адамның таза ауамен тыныстауына мүмкіндік береді. Масканы ультракүлгін сәуле арқылы залалсыздандырып, қайта қолдана беруге болады. Өнертапқыштың бұл жобасы халықаралық байқауда да үздік шыққан. Автор бетпердені әлі де жетілдірмек.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу