Германияда аптап ыстық: тұрғындарға ескерту жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда аптап ыстық: тұрғындарға ескерту жасалды

10.07.2023

Германияда аптап ыстық. Өткен жұмадан бері Күн шыжып тұр. Сынап бағанасы 30 градустан жоғары көтерілді. Осыған байланысты елдің ауа-райы қызметі тұрғындарға ескерту жасады. Әсіресе, денсаулығы сыр берген адамдарға аптаптан барынша қорғану қажеттігі ескертілді. Ауа-райы болжамына сай, шілденің шіліңгір ыстығы келесі аптаға дейін жалғасуы мүмкін. Бұған қоса, күшті дауыл тұруы да ықтимал.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу