Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі алғашқы жеңісі көпшілікті тәнті етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі алғашқы жеңісі көпшілікті тәнті етті

05.07.2023

Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі алғашқы жеңісі көпшілікті тәнті етті. Әсіресе, әйгілі теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін чемпионы Роджер Федерер мен Ұлыбритания ханшайымы Кейт МиддЛтон. Жерлісіміздің қарсыласын айқын басымдықпен ұтқанын көрген олар орнынан тұр, қошемет көрсетті. Елена Рыбакина әлемнің 48-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерстен 2:1 есебімен басым түскен еді.

Сондай-ақ қазір Юлия Путинцева бразилиялық Беатрис Аддад Майямен ойнап жатыр. Үш сағат бұрын басталған матч бірінші сет аяқталмай ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтап қалған еді. Қазір ойын қайта басталды. Бірінші сетте Юлия басым болды. Дегенмен қарсыласы да осал емес.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу