Калифорния штатындағы орман өртінен кейін тұрғындар үйлеріне қайта оралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния штатындағы орман өртінен кейін тұрғындар үйлеріне қайта оралуда

06.12.2018

АҚШ-тың Калифорния штатында алапат орман өртінен кейін мыңдаған адам үйлеріне орала бастады. Парадайс қалашығында көптеген үйлер күлге айналған. Адамдар мұнда тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Орманды жерлердегі ғимараттарда тек ыдыс-аяқ пен өзге де отқа жанбайтын әшекей бұйымдар ғана қалған. Кей отбасылар баспаналарын ипотекаға алып, жақында ғана қарыздарын өтеген екен. Айтуларынша, олар апат салдарынан шығынға белшеден батты.

Еске салсақ, Парадайс қаласында өрт кесірінен бас-аяғы 50 мыңдай адам эвакуацияланған. Кемінде 85 адам қаза тауып, талайы із-түзсіз жоғалып кетті. Ал, орманды жерлерде шамамен 14 мың үй күлге айналған.

Арай ТӨЛЕГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу