Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты

04.07.2023

Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Қазақстан теннисші бірінші матчты дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған АҚШ өкілі Маккензи Макдональдпен өткізді. Бірінші сетте тай-брейкте америкалық спортшы сәтті ойнады. Ал, екіншісінде есеп 4:4 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз геймін алды – 6:4. Одан кейінгі екі сетте де басымдық Александрда болды.

Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты бәсеке кезінде жерлесіміз 24 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Отандасымыз екінші айналымда тағы бір америкалық, әлемнің 48-ракеткасы Джеффри Джон Волфпен кортқа шығады.

Сондай-ақ, бүгін «Үлкен Дулыға» турнирінде екі теннисшіміз бақ сынайды. Қазір ғана әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Америкалық Шелби Роджерс арасындағы матч аяқатлды. Былтырғы Уимблдон чемпионы бірінші кезеңді сәтті бастады. Бірінші сетте ұтылғанымен, екінші және үшінші сетте қарсыласқа дес бермей жеңісті жұлып әкетті. Ал, Юлия Путинцева түнгі 11 шамасында бразилиялық Беатрис Аддад Майямен ойнайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу