А.Бублик Madrid Masters турнирінің екінші айналымына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Бублик Madrid Masters турнирінің екінші айналымына шықты

27.04.2023

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Madrid Masters турнирінің екінші айналымына шықты. Бірінші кездесуді дүниежүзілік рейтингте 100-нші орында тұрған колумбиялық Даниэль Галанмен өткізді. Үш сағатқа созылған матчта Бублик 17 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Үш сетте де қарсыласынан басым түсті. Қазақстандық теннисші келесі матчта әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен ойнайды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу