Петропавлда жабайы жануар қамқорлыққа алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жабайы жануар қамқорлыққа алынды

03.07.2023

Петропавл ботаникалық бағының қызметкерлері жетім қалған еліктің екі лағын өз қамқорлығына алды. Оларды мамандардың қолына тапсырған қала тұрғындары орманнан тауып алғанын айтқан. Бақ қызметкерлері кішкентай жануарларды сиырдың сүтімен асырап отыр. Оларға еріктілер де көмек көрсетуде. Айтуларынша, қалалық жерде табиғи сүт табу өте қиын. Жетім лақтар емізікке үйретілді. Бір еліктің аяғы сынғандықтан ота жасауға тура келген. Қазір оған ерекше күтім қажет. Табиғат жанашырлары жабайы жануарлар өсіп жетілген соң өз ортасына жіберуді жоспарлап отыр. Лақтардан бөлек ботаникалық бақта ересек еліктер де бар. Мамандар оларға былтырдан бері қамқорлық жасап келеді.

Артур Рязапов, ботаникалық бақ директоры:

Біреуінің кіндігі де түсіп үлгермеген. Тұрғындар орманда ұйықтап жатқан лақты ботаникалық баққа алып келген. Оның енесі оттауға кеткені анық. Төліне бөтен иіс сіңгеннен кейін, қайтып жоламайды. Осылайша адамдар білместікпен жануарлардың жетім қалуына себепші болды. 


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу