Еімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді. Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер осы айдан бастап күшіне енді. Оған сай бұдан былай отбасыдағы кикілжіңге байланысты шақыртылған полицейлер әйелін немесе баласын ұрған азаматтарды арыз шағымсыз-ақ жазаға тарта алады. Өйткені көп жағдайда полицейлер шақыртуға барған кезде отбасы мүшелері татуласып, жәбірленуші арыз жазудан бас тартып жатады. Ал тәртіп сақшылары кеткен бойда жанжал қайта жанданып, жағдай тіпті ушығып кеткен фактілер көп. Сондықтан полицейлер енді шақыртуға барған жағдайға өздері құқықтық баға беріп, агрессорды бөлімшеге алып кете алады. Жазаны сот тағайындайды.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ ӘПК Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Сотта құқық бузушының жәбірленушімен татуласуға мүмкіндігі бар. Бірақ соңғы өзгертулер бойынша тек бір рет қана татуласа алады. Яғни отбасылық жанжал жасаған дебошир бірінші рет жәбірленушімен татуласса, бұл әрекеттері келесі қайталанғанда сот оларды татуластыруға енді заң бойынша құқығы жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26