Қазақ баласы Қытай мен Қазақстан арасын 60 күнде жаяу жүріп, елордаға келді. Есбол Асқарұлы осылайша 3 мың шақырымды бағындырды. Жиһанкез марафонын Астана күніне арнапты. Аспан асты еліндегі этникалық қазақ Синьцзяндағы Манас ауданында дүниеге келген. Шоқан ауылында тұрады. Тарихи Отанына алғаш рет келіп отыр. 26 жастағы Есбол ата-анасынан ерте айырылған. Нағашыларының қолында тәрбиеленіп, оқыған. 4 жылдан бері пандемия салдарынан жолға шыға алмадым дейді ол. Күндіз ауа-райы ыстық болғаннан кейін, көбіне түнде жүруге мәжбүр болыпты. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді ұстанған Есбол енді Қазақстанда тұрып, елдің көркеюіне үлес қоссам деп армандайды.
Есбол Асқарұлы, жиһанкез:
Біз ойлағаннан да керемет дамыпты бұл жер. Біз ана жақта кескіндерден көреміз шетел азаматы болған соң. Шетелдегі кесіндерге қарағанда өз көзіңмен көрген мүлде екеуі екі бейне. Аспанмен тірескен қабаттарды көріп, мынау шынымен Қазақстан ба, жоқ па деген көзімізге тебіреніс келді.
Мәслихат Түсенұлы, қала тұрғыны:
Қазақтың кең байтақ даласы, қиыр мекен, шалғай өлкелерді табанымен басып, күннің ыстығын маңдайымен сезіп көргенннен кейін осылардың барлығын әлемге жария етсем, туризм саалсында қазақтың кең байтақ жерін әлемге таныстыра алсам деген бір арманы жүр. Сол қызықтырады. Дүниежүзінде шашырап жүрген қазақтың бәрі осындай ыстық жүрегімен сүйсе, тау асып, тас басып келсе, Отаным деп келіп, жақсылығын жар етіп жүрсе бізге қуаныш емей немене?!