Бурабайдағы «Мedia bootcamp» жазғы мектебінде жас журналистер білімдерін шыңдады
Бурабайдағы «Мedia bootcamp» жазғы мектебінде жас журналистер білімдерін шыңдады. Қаламгерлердің кейінгі толқыны медиа саласындағы тың дүниелерді көріп, үйренді. Мұнда жоғары оқу орындарында білім алатын 3, 4-курс студенттері мен магистранттары, елдің түкпір-түкпірінен жастар жиналған. «Media Bootcamp» бағдарламасы аясында панельдік сессиялар, уоркшоптар ұйымдастырылды. «Жасанды интеллекттің журналистикаға әсері», «Деректі фильм: идеядан эфирге дейін», «Digital First Content: әлеуметтік желіге контентті бейімдеу механизмі мен ерекшеліктері» сияқты заманауи бағыттар қызу талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат тапсырылды. Үздік шыққан 10 қатысушы, елдің ірі медиахолдингтерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Мерей Жеңісқызы, студент:
Өзіме қызық диджитал маркетинг бойынша подкаст мәселелері және біздің ақпаратты журналист ретінде қалай зерттеп, зерделеп оны әртүрлі дереккөздерден анықтап, халыққа қалай нақты ұсыну керектігіне дейін толық мәлімет алып бойымызға сіңірген болатынбыз. Жолдамаға ие болағнымды біліп, қатты қуанып отырмын.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26