Экология министрлігі су шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетуі қажет – Премьер-министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экология министрлігі су шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетуі қажет – Премьер-министр

29.06.2023

Экология министрлігі су шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетуі қажет. Премьер-министрдің төрағалығымен өткен су кеңесінің кезекті отырысында Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді.

Жиында су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы орган мен бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау жайы талқыланды.

Жалпы су дипломатиясын нығайту мәселесі де қарастырылды. Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Жер асты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.



Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу