АҚШ-та жанармай таситын танкермен соқтығысқан пойыз рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та жанармай таситын танкермен соқтығысқан пойыз рельстен шығып кетті

29.06.2023

АҚШ-тың Сиэтл қаласына бара жатқан пойыз су таситын танкермен соқтығысып, рельстен тайып кетті. Вагондарда 200-ге тарта жолаушы болған.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жіберілді. Соңғы мәліметке қарағанда, жеңіл жарақат алған 8 адам ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің зардап шеккендердің жағдайы ауыр емес деп отыр. Қазір тергеушілер апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.   


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу