Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті

05.05.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Черноводье-Бадам» теміржол тармағының 3264-ші шақырымында Шу-Арыс станциясы арасында қатынайтын №2901 жүк пойызының 29 жүк тиелген вагоны  рельстен шығып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат
 
29 вагонның 8-не күкірт қышқылы цистерналары, 17 вагонда құрылыс материалдары, 1 вагонға астық  тиелген, сондай-ақ, 2 контейнер вагоны, 1 вагон-термос болған. 150 метр теміржол рельсі және 4 байланыс  желісінің тіректері бүлінген.
 
Төтенше жағдайды жоюға 240 адам, 22 бірлік техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
 

Хабарламаларға жазылу