ШҚО-дағы газ құю стансасында болған жарылыстың себебі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы газ құю стансасында болған жарылыстың себебі анықталды

27.06.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы газ құю стансасында болған жарылыстың себебі анықталды. Алдын-ала болжам бойынша, жарылыс өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан болған. Бұл туралы Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары Алексей Ахаев хабарлады. Әуелі шағын стансаға газ толтыруға келген «КамАз» көлігі жанған. Өрт сөндірушілер жете бергенде қатты жарылыс болып, салдарынан 4 адам зардап шеккен еді. Денесін 100 пайыз күйік шалғай «КаМаздың» жүргізушісі мен газ толырушы маман қаза тапты. Екі азаматтың жағдайы қазір жақсы. Тергеу әлі жалғасып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу