1 шілдеден бастап «Алтын алқа» иегерлерінің жәрдемақысы өседі
1 шілдеден бастап «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған аналардың жәрдемақысы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Оның есебі бойынша бұл көмекті 90 мың ана алады.
Жалпы, бірінші шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодексте біраз өзгеріс бар. Бұл – ТМД аумағында алғаш рет қолданысқа енгізіліп отырған біртұтас әлеуметтік құжат. Кодекс адамның бүкіл өмір сүру кезеңін қамтиды, - деді министр.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Кодексте айрықша қажеттілігі бар азаматтарға да көп көңіл бөлінген. Негізгі мақсат – мүгедектігі бар азаматтарды жәрдемақыларын көбейту. Сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету. Ол үшін биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтындарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға көбейеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09