Грекияда бір айда екі мәрте парламенттік сайлау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда бір айда екі мәрте парламенттік сайлау өтті

26.06.2023

Грекияда бір айда екі мәрте парламенттік сайлау өтті. Оның нәтижесінде, қазіргі премьер-министр КириАкос МицоТАкистің «Жаңа демократия» партиясы жеңіске жетті.

Үкімет басшысы бүгін ант беріп, қызметіне кіріседі. Және де ол туризмді өркендетіп, жалақыны Еуропа одағындағы еңбекақы деңгейіне жақындатып, қосымша жұмыс орындарын ашуға уәде етіп отыр.

Елде сайлаудың қайта ұйымдастырылуына өткен айда ешқандай партияның парламентте басымдыққа ие бола алмай, үкімет құру мүмкіндігінен айрылуы себеп болды.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу