Сайлау - халықаралық байқаушылар назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау - халықаралық байқаушылар назарында

20.11.2022

Саяси науқанның өту барысы Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы байқаушыларының назарында. Ұйым өкілдері №309 сайлау учаскесінде болып қайтты. Еңшқандай заңбұзушылық тіркелмегенін атап өтті. Олар бүгін елордадағы бірнеше сайлау учаскесіне баруды жоспарлап отыр.

Ерол Кая, Түркі Мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы байқаушылар тобының басшысы:

Қазақстанға келгенімізге екі күн болды. Осы уақытта біз барлық кандидаттардың штабтарын аралап, сайлауалды бағдарламаларына қанық болдық. Елдеріңізде болып жатқан реформалар туралы хабардармыз. Бүгін біз бірнеше сайлау учаскелерінде болып, дауыс беріп жатқан азаматтардың жоғары белсенділігін байқадық. Әзір ешқандай бұзушылық тіркелмеген.


Хабарламаларға жазылу