Пәкістанда мал бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда мал бағасы қымбаттады

26.06.2023

Пәкістандықтар Құрбан Айтты тойлауға дайындалып жатыр. Мереке қарсаңында Пәкістанда мал күрт қымбаттап кеткен. Елдің ірі қаласы Карачидегі базарда құрбандыққа шалынатын жануар былтырға қарағанда екі есе қымбаттады. Ірі қара шашамен 790-880 долларға сатылып жатыр. Бұған елде инфляцияның рекордтық деңгейге жетіп, экономикалық жағдайдың қиындауы әсер етті. Оның үстіне былтыр алапат тасқын болып, 700 мыңдай мал жоғалып кеткен еді.   


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу