Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжінің 95 жылдығына орай қазақ күресінен республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжінің 95 жылдығына орай қазақ күресінен республикалық турнир өтті

23.06.2023

Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің 95 жылдығына орай қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Бұл сынға алыстағы Атырау мен Ақтаудан жалпы саны 7 колледж командалары қатысты. Аталмыш бәсекенің бір ерекшелігі алғаш рет қазақ күресінде командалық микс сайысында арулар бақ сынады. Аралас командалық жарыста әр топ төрт ұл және үш қыздан жасақталған. Турнир командалық жүйе бойынша өтті. Сол себептен де әр балуанның жеңісі маңызды болды. Тартысқа толы болған боз кілем белдесулерінің қортындысы бойынша Тараз қаласынан келген Парасат колледжінің командасы бірінші орын алды. Күміс Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжіне, қола жүлде Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж балуандарына бұйырды.

Ардақ Әлжанов, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледж директоры:

Өткізіліп отырған біздің шарамыз, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дәріптеу, дамытуға сай бүгін біз колледжда, осы физкультура спорты бойынша даярлайтын мамандықтарды спортқа баулып, оның ішінде біздің ұлттық әлемге шыққан қазақ күресін дәріптеу, насихаттау аясында өткізіліп отырған үлкен шарамыз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу