Қаржы пирамидасына қатысы бар вайнерлер қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы пирамидасына қатысы бар вайнерлер қамалды

20.04.2022

«Mudarabah Capital» қаржы пирамидасына қатысы бар 4 адам 10 күнге қамауға алынды. Олар осыған дейін кепілмен босатылған вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов және сотқа дейінгі үй қамақта болған тағы екі азамат. Аталған тұлғаларды Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасы күдікті деп таныған. 15 сәуір күні Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев, қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеп, күдіктілердің іс-қимылына баға беріп, оларға айып тағылатынын айтқан.

Хабарламаларға жазылу