Танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

11.02.2022
Танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

Танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.  Қырғызстанның тумасы елімізде қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілініп отыр. 

Кеше белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. Екеуі 1000 АЕК мөлшерінде кепіл ақшамен босатылған болатын. Қазір Алматы полициясы үшінші күдікті 1986 жылы туған Азимжан Саидбаевты іздеп жатыр.


Хабарламаларға жазылу