Парижде климаттық саммит өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде климаттық саммит өтті

23.06.2023

Франция астанасы Парижде климаттық саммит өтті. Жиынға әлемнің әр түкпірінен қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытып жүрген 40-тан аса лидер келген. Мұнан бөлек беделді халықаралық ұйымдар да қатысты. Олар климаттың өзгеруімен күресуге қаржыны көптеп бөлу, кедей елдерді қаржыландыруды арттыру жайын талқылады. Әлемдік банк табиғи апаттардан зардап шеккен елдерге көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жариялады. Делегаттар климаттың өзгеруіне қарсы күрес уақыт күттірмейтін мәселе екенін ерекше атап өтті.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу