178 адамға «Болашақ» стипендиясы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

178 адамға «Болашақ» стипендиясы берілді

27.12.2022

Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алып, тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында айтылды. Жиында Президенттің «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.  

Хабарламаларға жазылу